jasqazaq.kz

Жеке тұлғаларды банкрот деп тану процесі қанша уақытқа созылады?

09 ақпан 2022, 14:40

Жеке тұлғаларды банкрот деп тану процесі қанша уақытқа созылады? Бұл сауалға ҚР Қаржы бірінші вице-министрі Марат Сұлтанғазиев жауап берді.

«Егер сот тәртібімен болса, онда 6 айға дейінгі мерзім белгіленген. Өйткені бұл оның мүлкін, сонымен қатар қарызсомасының 5 млн теңгеден, яғни 1600 АЕК-тен асатындығын айқындаумен байланысты. Сол себепті жарты жыл белгіленіп отыр», — деді ол Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифинг барысында БАҚ өкілдерінің сауалына орай.

Оның атап өтуінше, ерекше жағдайларда, қандай да сұрау салу немесе борышкердің бір жерде мүлкі анықталса не жаңа кредиторлар пайда болса, онда бұл мерзім ұзарып та кетуі ықтимал.

«Біз барынша ұзақ мерзім белгілейміз. Егер, сот шешімді ертерек қабылдаса, онда банкрот деп тану тезірек болады. Мүлік жоқ тұлғалар үшін бұл процестің тезірек орын алатындығы сөзсіз. Сондықтан өкілетті органдардан мүлкінің жоқ екендігін дәлелдеу талап етіледі», — деді Марат Сұлтанғазиев.

ҚазАқпарат

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде