jasqazaq.kz

Жеке такси жүргізушісінен коронавирус анықталды

09 сәуiр 2020, 15:25

 #үйдеотыр

Жеке такси жүргізушісі коронавирус диагнозымен стационарға жатқызылды. Жақын байланыста болған адамдар анықталды.

Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында елорда тұрғындарына аса қажеттілік туындаған жағдайда ғана тек ресми тасымалдаушылардың қызметін пайдалануға кеңес береді. Карантин режимі басталғаннан бері қалалық штаб ресми таксиге көліктерін күнде дезинфекциядан өткізуге талап қойды. Санитарлық нормалар сақталмаған жағдайда тасымалдаушыларға айыппұл салынады. Сонымен қатар, коронавирус тағы бір тұрғында расталды. 50-ден астам байланыста болған тұлғалар анықталды, олардың барлығы дәрігерлердің бақылауында. Нұр-Сұлтан қаласы бойынша коронавирус дертіне шалдыққандардың саны 223 адамға жетті. 9 сәуірдегі деректерге сәйкес 202 адам инфекциялық стационарда (10 адам Ақмола облысынан), 930 жақын байланыста болған адам үй карантинінде. Нұр-Сұлтан қаласында 30 адам коронавирустан емделіп шықты. Қалада барлығы 13 нысан карантинге жабылды. Олардың қатарында медициналық нысандар, жатақхана, №1 автобус паркі, тұрғын үй кешендерінің кіреберістері бар. 8 нысан карантиннен алынды. Инфекцияның таралуын болдырмау мақсатында күн сайын әлеуметтік нысандарға, тұрғын үйлерге, аула аумақтарына, тротуарларға, базарларға, дүкендерге және т. б. дезинфекция жүргізіледі. Сонымен қатар, Комсомольский, Ильинка, Промышленный, Заречный, Интернациональный, Железнодорожников, Өндіріс, Оңтүстік-Шығыс тұрғын үй алаптары дезинфекцияланып жатыр.

ҚазАқпарат

21 қазан, 16:13
Руслан Айтанов: Экологиялық ахуалды жақсарту – басты басымдық
17 қазан, 15:29
Shymbulaqta Shyrshaly экологиялық жобасы аясында 560 түп Тянь-Шань шыршасы егілді
16 қазан, 21:11
Көкжайлау: Алматыдағы экологиялық туризмнің экономикалық әлеуеті
13 қазан, 12:25
Айдана Қасен: Қалдықтарды сұрыптау – экологиялық мәдениеттің маңызды бөлігі
12 қазан, 13:04
Әуесбек Опабек: Шымкентте экология мен жайлы ортаға басымдық берілуде
09 қазан, 13:42
Шымкентте жасанды интеллект полиция жұмысының тиімділігін арттыруға бағытталуда
07 қазан, 15:02
Ұстанымы ұқсас Оман
06 қазан, 15:09
122 года спустя: Память, наследие и школа Мухамеджана Фаризова
05 қазан, 14:25
Бағдат Байболов: Су жүйесін жаңғырту – тұрғындарды сапалы әрі үздіксіз сумен қамтамасыз етудің негізгі тетігі