jasqazaq.kz

Жеке сот орындаушылары кепілдікке қойылған 40 үйді бір адамға сатқан

13 мамыр 2022, 10:29

Павлодарда жеке сот орындаушылар кепілдікке қойылған 40 үйді бір ғана адамға сатқан. Әрі нарықтағы бағадан 5 есе арзанға саудалапты. Баспанасынан айрылып қалғандар бұған күдікпен қарайды. Мұның артында ұйымдасқан қылмыстық топ тұр дейді. Үйінің аукционға қойылғанын тіпті үй иесі де білмей қалған жағдайлар кездескен. Бұл туралы Astana теларнасы хабарлады.

Бұл үйде Ақылбек Сіләмов 17 жыл тұрған. Баспананы несиеге сатып алып, негізгі қарызды төлеген. Алайда, 5 млн теңге берешек қалған кезде қаржылық қиындық туындап, төлей алмапты. Осы кезде жеке сот орындаушылар үйді небәрі 5 млн теңгеге бағалап, сатып жіберген.

Ақылбек СІЛӘМОВ, ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Біз аукционның өткенін де білмей қалдық. Сот орындаушысы келіп, үйді босатыңыздар дегенде ғана білдік. Кудиенко деген азаматқа 5 млн. теңгеге сатып жіберіпті. Ал, бұл үйдің нарықтағы бағасы 25-35 млн. теңге тұрады.

Басындағы баспанасынан айырылған тұрғындар, үйлерінің тым арзанға сатылғанына қарсы. Айтуларынша, 40 пәтерді тек бір ғана адам сатып алған. Зардап шегушілер бұл істің артында ұйымдасқан қылмыстық топ тұрғанына сенімді.

Ерлан ЖАКЕЕВ, ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Мысалы, менің пәтерім 12 млн. тұрған кезде 2 жыл бұрын 4 млн-ға сатып алған. Бір азамат 30-40 пәтерді сатып алады меншікке. И әрі қарай өзі сатады. Ол мүмкін бе қазіргі жағдай. Ол мүмкін емес қазіргі жағдайда. Ол мүмкін сыбайластық болса.

Аукционға қойылған баспаналар, нарықтағы бағадан 5 есеге арзан сатылған. Ал заң бойынша үйдің бағасын тек 25 пайызға ғана
түсіруге рұқсат беріліпті.

Гүлмира ЖҮСІПОВА, ПАВЛОДАР ОБЛЫСТЫҚ МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН АУДАНАРАЛЫҚ ӘКІМШІЛІК СОТЫНЫҢ СУДЬЯСЫ:

Сатылымға шығарылған мүліктің бағасы алдымен өседі. Ал, екі мәрте сатып алушы болмаса онда түсе бастайды. Бірақ нарықтағы құнынан 25 пайызға ғана арзан сатылуы керек. Әкімшілік істі қараған кезде сатып алушынының бірнеше аукционға қатысқан кездері болды. Заңда оған шектеу жоқ.

Өзгеріс ҚУАНАР, ТІЛШІ:

Жеке сот орындаушылардың өңірлік палатасы бұл мәселеге қатысты қандай да бір ақпарат беруге құлықсыз. Амалы таусылған тұрғындар тағы да соттаспақ ниетте. Ал одан нәтиже болмаса, бас қаладан әділдік іздеуге бекініп отыр.

Бүгін, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
Бүгін, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
Бүгін, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр