jasqazaq.kz

Жеке мәліметтер желіге қалай шығып кетуі мүмкін?

13 сәуiр 2021, 17:54

Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар​ және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі ақпараттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Руслан Әбдіқалықов ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте айтты.

Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік бақылау жүзеге асырылады. 2020 жылы 404 жоспарланбаған тексеру жүргізілді. Оның нәтижесі бойынша әкімшілік жауапкершілікке 17 лауазымды тұлға мен 6 заңды тұлға тартылды. Биылғы жылы 11 жоспарланбаған тексеру жүргізілді. Ол бойынша 4 лауазымды тұлға мен 1 заңды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Комитет электронды құжат пен ЭЦҚ бойынша бақылау жүргізеді. ЭЦҚ қол қойған адамның жеке мәліметіне сәйкес келеді. Ол үшін де заңды жауапкершілік қарастырылған, — деді ол.

Әбдіхалықов атағандай, ЭЦҚ-ның тарап кетуі мекеме жетекшілері оның ішінде мемлекеттік органдар өздерінің ЭЦҚ-ларын бақылаусыз қалдыратынына байланысты.

Олар жұмыстан шығып кеткен қызметкерлердің ЭЦҚ-ларын жоймайды. Оларды өзге қызметкерлерге береді. Осындай істердің нәтижесінде тұлғалардың ЭЦҚ-лары заңды қолданылмады. ЭЦҚ беру бойынша бізде әкімшілік іс қозғалады. 15 АЕК мен 50 АЕК көлемінде айыппұл қарастырылған. 2020 жылы 30-дан астам дерек ЭЦҚ-ны заңсыз беру тіркелді. 2021 жылы 6 іс қозғалды, оның 3-уі өндірісте. Тұрғындарға ескертетініміз, ЭЦҚ кілтін ешкімге беруге болмайды. Ешкімнің сіздің кілтіңізді сұрауға құқығы жоқ, — деді ол.

Әбдіхалықов айтқандай, тұрғындардан жеке мәліметтердің желіге шығып кетуі бойынша арыз-шағым түсетінін айтты.

Мәселен лауазымды тұлғалар жеке мәліметтері бар құжатты үшінші тұлғаға береді немесе қауіпсіздік ережелерін сақтамайды. Осы бойынша 6 коммерциялық ұйым 100 АЕК көлемінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды, — деді Әбдіхалықов.

baq.kz

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде