jasqazaq.kz

Жеке кәсіпкерлердің несие бойынша төлемдері кейінге шегеріледі

17 наурыз 2020, 11:06

Жеке кәсіпкерлерге Қазақстанда Төтенше жағдай режиміне байланысты 90 күнге несие бойынша төлемдері кейінге қалдырылды. Бұл туралы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова мәлімдеді.

«2020 жылдың 16 наурызы мен 15 сәуірі аралығында Қазақстанның барлық аумағында төтенше жағдайдың енгізілуіне және экономиканың белгілі бір салаларына қатысты шектеу шараларын қолдануға байланысты халықтың және шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің қаржылық жағдайының нашарлауына жол бермеу бойынша қосымша шаралар қажет», — деді Мәдина Әбілқасымова Үкімет отырысында.

Әбілқасымова екінші деңгейлі банктермен және несиелік нарық субъектілерімен, сондай-ақ Қазақстан қаржыгерлерінің Қауымдастығымен бірлескен шаралары туралы айтты.

«Біріншіден, Азаматтық кодекстің 359-бабына сәйкес кредит бойынша міндеттемені орындамаған қарыз алушы еңсерілмейтін күш жағдайлары , яғни дүлей құбылыстар, әскери әрекеттер сияқты төтенше және еңсерілмейтін мән-жайлар болған кезде мүліктік жауапкершілікте болмайды. Мұндай жағдайларға төтенше жағдай режимін енгізу жатады.

Осыған байланысты қарыздар мен микрокредиттер бойынша төтенше жағдай енгізілгендіктен жеке және заңды тұлғалардың қарыздары мен микрокредиттері бойынша төлемдерді кешіктірген кезде айыппұлдар мен өсімақылар (тұрақсыздық айыбы) есептелмеуі тиіс. Бұл норма жеке және заңды тұлғаларға банктер ғана емес, сонымен қатар, ломбардтар мен кредиттік серіктестіктерді қоса алғанда, барлық әлемдік қаржы ұйымдары, сондай-ақ қарыз беретін өзге де кредиторлар берген қарыздарға қолданылады «, — деді Мәдина Әбілқасымова.

Сонымен қатар, ол несие берушілер қарыз алушы үшін жақсартылған жағдайда қарыз шартының талаптарын біржақты тәртіппен өзгертуге құқылы екенін айтты.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде