jasqazaq.kz

Жегені желкесінен шықты

10 қазан 2019, 12:13

Кейінгі жылдары Жетісу өңірінде де ірі қылмыстар ашылып, біраз адам темір торға тоғытылды. Олар жай емес, мемлекеттік қызметтің тізгінін ұстаған, елге танымал азаматтар.

Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Алматы облыстық департаментінің басшысы Данияр Тұрғанбаев хабарлады.
Ол «Транспаренси Қазақстан» қоғамдық қоры жүргізген зерттеу бойынша ең көп пара сұрайтын салалардың алдыңғы бестігі анықталғанын айтады. Мәселен, мамандардан ем алу – 13,3%, жұмысқа орналасу – 8,6%, жер телімін алу – 7,2%, баланы балабақшаға орналастыру – 6,5%, жол ережесін бұзу 5,3%-ды құраған. Сауалнамаға қатысқан кәсіпкерлердің пікіріне қарағанда құжат жасату – 6,0%, өрт қауіпсіздігін тексеру, рұқсат беру – 6,0%, құрылыс жүргізуге рұқсат алу – 5,4%, жер телімін алу – 4,8%, шекарадағы кедендік тексеру, тауар кіргізу – 4,2%-дық көрсеткішпен сыбайлас жемқорлыққа апаратын себептің бастапқы бестігіне кірген. Әсіресе Алматы облысының жер қатынастары басқармасы еліміз бойынша ең парақор басқармалардың қатарынан орын алған. Ал мемлекеттік балабақшалардағы сыбайластық көрсеткіші көңілге қорқыныш ұялатады. Себебі баланы электронды кезекке қоюдың орташа парасы 35 мың теңгені құрайды. Өңірдегі мемлекеттік балабақшалар сыбайлас жемқорлық бойынша алғашқы төрттікке кіріп тұр.
Облыста биылғы 9 айда 112 қылмыстық құқықбұзушылық орын алса, оның 74-і парақорлыққа қатысты. Осындай қылмыстық істердің кесірінен келген шығын 24,5 миллион теңгені құраған. Сыбайлас жемқорлық қылмысының ішінде парақорлық дерегі 85,1%, қызметтік лауазымын асыра пайдалану – 4,1%.
Биыл қылмыстық жауапкершілікке тартылған 51 азаматтың тоғызына басшы ретінде қатаң жаза кесіліпті. Олардың қатарында 2018 жылдың желтоқсан айынан 2019 жылдың сәуіріне дейін Үшарал – Достық, Ұзынағаш – Отар бағыттарындағы республикалық маңызы бар жолдың сапасын бұрмалап көрсеткені үшін 2 миллион теңге пара алған «Қазжолқұрылыс» ЖШС-нің жетекшісі З. Дощанов, «Алматыжолзертханасы» республикалық мемлекеттік мекемесінің бұрынғы басшысы С. Кенжеғұл, 5,5 миллион теңге пара алған облыстық ауылшаруашылық басқармасының бұрынғы басшысы С. Бекішов бар. Екеуі де сотталып, мемлекеттік қызметтен өмір бойына шеттетілді. Одан бөлек қызметтік лауазымын асыра пайдаланған 36 жауапты тұлға түрлі тәртіптік жазаға тартылған.
Өкінішке қарай, сыбайлас жемқорлықпен жауапкершілікке тартылып жатқандардың көбі – бірінші басшылар.

Қажет Андас

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда