jasqazaq.kz

Жедел жәрдемге оқ атқан адам ұсталды

16 сәуiр 2021, 10:17

Ақмола облысының полицейлері жедел жәрдем көлігіне оқ атқан адамды анықтады.

Бурабай аудандық полиция бөлімшесінің қызметкерлері 17 жастағы күдікті мен екі куәгерді анықтады. Ақмола облысы Полиция департаментінің мәліметінше, олар Щучинскідегі колледж студенті.

«Күдіктілер жасаған ісін мойындап, 11 сәуірде шамамен сағат 22.00-де көпқабатты үйдің алдында пневматикалық тапаншадан металл бөтелкелерге оқ атқанын айтты. Осы уақытта олардың бірі өтіп бара жатқан жедел жәрдем көлігіне кездейсоқ тиіп кеткен. Олар мұны әдейі жасамағанын айтты», — деді ПД өкілдері.

Медицина қызметкерлері тек қарудың дыбысын естіген. Әйнекті тесіп өткен оқ ешкімге тимеген.

«Шоссейная көшесімен келе жатқанбыз. Сосын оқ атылды. Ешқайда соғылмадық», — деді фельдшерлер.

Тек аздап шошынып қалған 26 жастағы аяғы ауыр келіншек аман-есен ауруханаға жеткізілді.

Tengrinews.kz

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде