jasqazaq.kz

Жедел жәрдем жүргізушісіне шабуыл жасаған адам ұсталды

12 желтоқсан 2018, 19:33

Жедел жәрдем жүргізушісіне шабуыл жасаған адам ұсталды. Бұл туралы Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап Tengrinews.kz хабарлады.

Жетісу аудандық полиция басқармасы осы дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу шараларын бастады. «Күдікті ұсталды. Жедел жәрдем бригадасының жүргізушісінің айтуынша, шабуыл жасаған ер адам белгісіз химиялық затты, болжаммен газ баллонын пайдаланған», — деді Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметінедегілер. Қазіргі уақытта оқиғаның мән жайын толық айқындау үшін кешенді шаралар жүргізіліп жатқаны айтылады. Осыған дейін, Алматыда жедел жәрдем жүргізушісінің бетіне оқ атылғаны туралы хабарланды. Алматыда «103» Қызметінің 7/31 жедел жәрдем бригадасының мамандары көмек көрсету кезінде шабуыл жасалған. 11 желтоқсанда «103» пультіне хабар түсті. Фельдшер науқасты үйде қарап жатқан уақытта жедел жәрдем жүргізушісі көлікте отырған. Фельдшер науқаспен бірге арнайы көлікке келгенде жүргізушіге алғашқы көмек көрсеткен. Қажетті көмек көрсеткеннен кейін қосымша тағы «103» пультіне хабарласып, екі бригада жіберуін сұраған. Ведомстводағылар шабуыл жасаған ер адам мен куәгер жүргізушіге көмек көрсетпегенін айтады. «Жүргізуші оның газдалған тапанша еместігі туралы мәлімдеді», — деді басқармадағылар. 2013 жылыжедел жәрдем қызметкерлеріне екі рет шабуыл жасалды, 2014 жылы — 3 жағдай, 2015 жылы — 4 жағдай (олардың екеуінде жедел жәрдем қызметкерлері ауыр халде ауруханаға жеткізілді), 2016 жылы — 1 жағдай, 2018 жылы — 5 жағдай.

Бүгін, 15:48
Астана – Нью-Дели диалогы
Бүгін, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
Бүгін, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді