jasqazaq.kz

Жедел жәрдем жүргізушісін соққыға жыққан түрік жігіті халықтан кешірім сұрады (видео)

21 қыркүйек 2018, 11:39

Алматыда жедел жәрдем көлігінің жүргізушісіне шабуыл жасап, соққыға жыққан Түркия азаматы қазақстандықтарға видеоүндеу жолдады. Өз сөзінде 28 жастағы Әли Демир көпшіліктен кешірім сұрады.

Stan.kz  жазғандай, Демирдің айтуынша, оның Қазақстанда тұрып жатқанына 7 жыл болған. Оның әйелі мен қызы да Қазақстан азаматтары екен. Ал қазақстандықтарға жолдаған үндеуінде ол қазақ тілінде сөйледі.
«Қазақстан халқынан мені түсінуін өтінемін. Осындай жағдай кез-келген адамның басына келуі мүмкін. Мен – біреудің жолдасымын, бір баланы әкесімін. Бес айлық қызым бар. Олар – Қазақстан азаматы. Менің жұмысым Қазақстанда», – дейді Түркия азаматы.
Сонымен қатар Әли Демир өз басына түскен жағдай үшін өз отбасының қиналғанын қаламайтынын жеткізді.
«Менің жағдайым үшін отбасым қиналғанын қаламаймын. Сол үшін сіздерден отбасым үшін, қызым үшін мені түсінулеріңізді қатты өтінемін. Қазақстан халқынан және жедел жәрдем жүргізушісі Николай Кучмадан тағы да шын жүректен кешірім сұраймын», – дейді Әли Демир.
Естеріңізге сала кетсек, 18 қыркүйекте Алматыда түрік жігіті егде жастағы жедел жәрдем жүргізушісін ұрып тастаған еді. Артынша жедел жәрдем көлігінің жүргізушісі оқиғаның қалай болғанын айтып берді. Ал қамауға алынған Али Демирдің кепілмен босталығаны белгілі болды.

 

Бүгін, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
Бүгін, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
Бүгін, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді