
Аталмыш фактіге қатысты сот отырысы өткізіліп, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 608-бабы, 1-бөліміне сәйкес жүргізуші 7 жылға жүргізу құқығынан айырылды, деп хабарлайды Рavlodarnews.kz.
Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.
— Сондай-ақ ол 15 тәулікке қамауға алынды. Көлік жүргізушісі 103 қызметінде емес, балансында санитарлық автокөлігі бар Тереңкөл орталық аудандық ауруханасында жұмыс істейді. Болған оқиғаның барлық мән-жайын тексергеннен кейін Тереңкөл ауданының ауруханасының басшылығына қатысты тәртіптік жаза қолдану туралы шешім қабылданады, — дейді басқармада.