jasqazaq.kz

Жедел жәрдем көлігі батпаққа батып қалды

16 ақпан 2021, 15:33

Алматыда жедел жәрдем көлігі балшыққа батып қалды. Орын алған жағдайға қатысты жедел жәрдемнің баспасөз қызметі түсінік берді.

Әлеуметтік желіде жедел жәрдем көлігінің батпаққа батып қалғаны туралы видео тарады. Оқиғаға куә болғандардың айтуынша, сағат 23.00-де Алатау ауданы, «Алғабас» шағынауданы Жаңақұрылыс көшесіне шақыртылған жедел жәрдем көлігі балшыққа батып, бір сағаттай тұрып қалған. Ал машинаның шығуына көрші-көлем көмектескен. Жедел жәрдем баспасөз қызметінің мәліметінше, аталған мекенжайға 15 ақпан күні 3 шақырту түскен. Барлық науқастарға медициналық көмек уақытылы көрсетілді.

«Жедел жәрдем көлігі батпаққа науқасты тексеріп болғанан кейін, яғни қайтар жолда батып қалды. Машина жарты сағаттан соң ешкімнің көмегінсіз шықты», — деп хабарлады жедел жәрдем қызметінен.

ҚазАқпарат

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде