jasqazaq.kz

Жедел жәрдем қызметкерлері коронавирус жайлы жалған ақпарат таратқан

30 қантар 2020, 12:49

Қапшағайда жедел-жәрдем қызметінің көлік жүргізушілері коронавирус жайлы жалған ақпарат таратты. Қазір екі азаматтың үстінен қылмыстық іс қозғалды.

Алматы облыстық Полиция Департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 29 қаңтар күні «Ватсап» желісі арқылы екі адамның коронавирус індетін жұқтырды деген күдікпен түскендігі жөнінде ақпарат тараған. Құзырлы орган ақпаратты тексергенде бұл хабарламаның жалған екені анықталған. «Жедел-іздестіру барысында екі күдікті ұсталды. Олар Қапшағай қаласының полиция бөлімшесіне жеткізілді. Екеуі де жергілікті ауруханадағы жедел-жәрдемнің көлік жүргізушісі болып жұмыс істейді. Екі ер азаматқа жалған ақпарат таратуына не түрткі болғаны тергеу барысында анықталады», деп мәлімдеді аталған ведомствоның баспасөз қызметінен. Қазір екі күдікті жалған ақпарат таратқаны үшін ҚР ҚК 274-бабының 1-тармағына сәйкес заң алдында жауапқа тартылады. Істі Қапшағай қаласының тергеушілері жүргізіп жатыр. Тергеу барысында ұсталған күдіктілер арнайы қолхатпен жіберілген.

ҚазАқпарат

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия