jasqazaq.kz

Жедел жәрдем қызметкерлері ер адамды сабаған (видео)

13 ақпан 2018, 14:12

Павлодар полицейлері жедел жәрдем қызметкерлерінің көшедегі адамды ұрып-соққаны түсірілген видеоны тексеріп жатыр, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Павлодарда түсірілген видео әлеуметтік желілерде таралған болатын. Видеодағы кадрлардан жедел жәрдем қызметкерінің жерде жатқан адамды ұрып жатқаны көрінеді. Кейінірек ол тағы бір әріптесімен ер адамды жолдың бойына итеріп тастап, әрі қарай ұрып соғады. Өтіп бара жатқан адамдар мұны тоқтатпақ болады, бірақ, видеоға қарағанда, жедел жәрдем қызметкері олардың айтқанын тыңдамаған да. Видео соңында қызметкер жерде жатқан ер адамды өзімен бірге алып кетеді. Павлодар облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі бұл деректің тіркелгенін және қазіргі уақытта қызметкерлердің оны тексеріп жатқанын хабарлады. «Осы дерек бойынша тексеріс жүріп жатыр», — деп хабарлады облыстық ІІД баспасөз қызметі.

https://youtu.be/Y9wS7y2CJoA

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде