jasqazaq.kz

Жедел хабарлама

20 наурыз 2020, 19:21

Air Astana әуе компаниялар тобы Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларында карантиннің енгізілуіне, сондай-ақ басқа да үкіметтік шектеулерге байланысты Air Astana-ның және FlyArystan-ның бірқатар рейсі тоқтатылғаны туралы хабарлайды. Халықаралық рейстер Қазақстан азаматтарын қайтару және шетел азаматтарының елден шығару мақсатында орындалады. Әуе компаниялар тобы жолаушылардың тұрғылықты тұратын жерлеріне қайтуы үшін қажетті ішкі рейстерді орындауды мүмкіндігінше жалғастырады.

Ағымдағы жағдай кезінде көлік қозғалысының шиеленісуіне байланысты барлық жолаушылар әуежайға ұшуға 2 сағат бұрын келуі қажет.

15 сәуірге дейінгі орындалмайтын рейстерге билет алған жолаушылардан, соның ішінде шетел азаматтары билет құнын қайтару үшін refund@airastana.com адресіне сұраныс жіберулерін сұраймыз немесе төменде көрсетілген форманы толтыруларын сұраймыз. 15 сәуірге дейінгі тоқтатылған және өзгертілген рейс маршруттары бойынша билет құны 2020 жылдың аяғына дейін қайтаруға болады.

Сұраныстардың көптігіне байланысты, егер ұшу уақыты 72 сағаттан кейін болатын болса, жолаушылардан қоңырау шалуды қоя тұруды сұраймыз, сонда сall centre операторлары жедел сұраныстарды өңдеуге мүмкіндік алар еді. Жедел сұраныстар бойынша жолаушылардан call.centre@airastana.com емейліне немесе +7 727 244 4477, +7 172 58 4477, +7 702 702 4477 нөмірлеріне қоңырау шалуын сұраймыз.

Билеттерді қайтару саясаты мәселелері, ұшу кестесі және коронавирустың алдын алу шаралары бойынша ақпаратпен мына сілтеме бойынша танысуыңызды сұраймыз:

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия