jasqazaq.kz

Жеңгетайлықпен айналысты деген күдікпен депутат ұсталды

23 қыркүйек 2017, 9:22

Рудный қаласы мәслихатының депутатына қатысты «Жеңгетайлық» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Бұл туралы ҚазАқпарат порталына сілтеме жасап stan.kz хабарлайды.

Жыл басынан бері Рудный қаласында 3 жеңгетайлық фактісі тіркелген. Жақында жеңгетайлықпен айналысып жүрген 25 жастағы рудныйлық Юлия Каралашқа қатысты қылмыстық іс қозғалды. Әйел «Соколов-Сарыбай» кен өндіру басқармасы» АҚ Техникалық даму және технологиялар департаментінде қызмет етеді. Ол, тіпті, бірнеше республикалық мәдени байқаулардың жүлдегері болған. Күдіктіні облыстық ІІД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері ұстаған.

Әйелдің үстінен ҚР ҚК 309-бабы 1-бөлігіне сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Алдын ала мәліметтерге сүйенсек, халық қалаулысы 9 қыркүйек күні 29 жастағы Рудный қаласының тұрғынына 24 жастағы қызды 60 мың теңгеге ұсынған. Қыздың жезөкшелікпен айналысуына «жағдай жасаған» депутаттың қылмысы дәлелденсе, оның мүлкі тәркіленіп, 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Бүгін, 16:30
Шымкент: Жұмыспен қамту 99,1 пайызға жетті
Бүгін, 13:54
Олжас Сапарбеков: Экономиканың энергия сыйымдылығы 4,1 пайызға төмендеді
Бүгін, 12:42
Данияр Жанжұменов: Әскери бөлімдерде тәуелсіз әскери кеңесшілер институты құрылады
24 қараша, 15:55
АЭС - таза энергияның сенімді көзі
24 қараша, 15:31
Басты міндет – төтенше жағдайдың алдын алу
23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде