jasqazaq.kz

Жазықсыз түрмеде отырған жігіт ақталып шықты

19 қазан 2018, 13:02

Сот үш жыл бұрын пәтер ұрлығы бойынша заңсыз сотталып кеткен жігітті ақтап алды. Бұл туралы ҚР Жоғарғы сотының баспасөз қызметінің басшысы Болат Кальянбеков айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Болат Кальянбековтың жазуынша, 2015 жылы Дастан Мырзақұлов пәтерді тонау және адамдар тобымен алдын ала сөз байласып ұрлық жасау қылмысы бойынша кінәлі деп танылып, мүлкі тәркіленіп, үш жарым жылға бас бостандығынан айырылған. Алайда кассациялық сот Мырзақұловты әрекеттерінде қылмыстық құрамның болмауына байланысты ақтап алған. «Кассация келесі негіздерге сүйеніп отыр. Нақтырақ айтқанда, сотқа дейінгі тергеу амалдары барысында Мызақұловқа психикалық және физикалық тұрғыда қысым көрсетілген. Екіншіден, тергеу органдарының материалдары мен айыптау құжатында, сот үкімінде куәгерлердің, жәбірленуші мен сотталушының жауаптарына келгенде айтарлықтай айырмашылық бары анықталған. Осылайша, Мырзақұловтың істі мойындағаны туралы жауабында қылмыс 2015 жылдың 17 наурызында үйдің екінші қабатында болғаны жазылады. Оның айтуынша, алтын бұйымдар мен ақшаны бір қораптан алып кеткен. Ал оқиға орнын тексеру кезіндегі хаттама мен ұрлықтың болғаны туралы арызда қылмыстың 2015 жылдың 16 наурызында 8 қабатта тіркелгені жазылады. Оған қоса жәбірленушінің түсініктемесіне сәйкес құнды заттар мен ақша әртүрлі түстегі әртүрлі сөмкелерде болған», — делінген хабарламада. Мырзақұловтың жауабына сәйкес ол ақшаны теңге күйінде ұрлаған. Ал жәбірленуші тарап қаражаттың АҚШ доллары күйінде ұрлағанын жазып берген. «Ұрлық жасалған жерден 11 адамның саусақ іздері анықталған. Олардың бәрі де сотталушының саусақ іздерімен сәйкес келмеген. Сонымен қатар, сотталушыға құқығы мен міндеттемелері туралы түсініктеме жұмыстары жүргізілмеген. Айыптау тек сот өндірісінің тілін білмеген бір адамның ғана жауабына сүйене салған. Ең қызығы, күдіктіні тану процесі барысында әлгі куәгерге тек бір адам ғана көрсетілген», — деп жазады Кальянбеков өзінің Фейсбук парақшасында. Мырзақұлов қылмыстық істі жүргізіп отырған органдардың заңсыз әрекетінен өзіне келтірілген залалды өндіруге құқылы.

Бүгін, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
Бүгін, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
Бүгін, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді