jasqazaq.kz

Жазушы Қабдеш Жұмаділов дүниеден озды

05 сәуiр 2021, 11:46

Қазақстанның халық жазушысы Қабдеш Жұмаділов дүниеден озды, деп хабарлады ҚазАқпарат Мәденит және спорт министрлігіне сілтеме жасап. Қабдеш Жұмаділов 1936 жылы 24 сәуірде ҚХР Шыңжаң өлкесі Тарбағатай аймағы Шәуешек ауданында дүниеге келген. Ол Қазақстанның халық жазушысы. Шәуешек гимназиясын бітіріп, жолдамамен ҚазҰУ-ге (1956) түседі. 1958 жылы Қытай үкіметі органдары кері шақырып алады. Кейін 1962 жылы Бақты шекарасын бұзып өткен қазақ жастарымен Қазақстанға біржола оралған соң ҚАЗҰУ-ді бітірді (1965). Оның «Жас дәурен» өлеңдер, «Қаздар қайтып барады», «Сары жайлау», «Шарайна», «Сәйгүліктер» әңгіме, повесть жинақтары, «Көкейкесті», «Бақыт жолында», «Атамекен» т.б. романдары, «Соңғы көш» оқырман қауымға жақсы таныс. Жұмаділовке Шығыс Түркістандағы қазақтардың өмірі мен азаттығы жолындағы күресі суреттелген «Тағдыр» романы үшін Қазақстан Республикасының Абай атындағы Мемлекеттік сыйлығы берілген. Қазақ әдебиеті газетінде (1965-67), Жазушы баспасында (1967-76), Қазақстанның Баспа, полиграфия және кітап саудасы істері жөніндегі мемлекеттік комитетінде (1976-81) қызмет істеген. Жұмаділовтің алғашқы өлеңдері 1954 жылдан жергілікті баспасөз беттерінде, ал «Жамал тырнақалды әңгімесі 1956 жылы Үрімжіде шығатын Шұғыла журналында жарияланған. Жұмаділовтің бір өлеңдер жинағы, сегіз роман, бес повесть, ондаған әңгіме, мақалалар жинақтары жарық корген. Олардың негізгілері «Қаздар қайтып барады» (1967) атты әңгімелер жинағы, «Көкейкесті» (1969), «Соңғы қош» (1974 — 81,), «Атамекен» (1985), «Тағдыр» (1988,) романдары, «Соңғы көш» (1-кітап 1974; 2-кітап 1981) және «Дарабоз» (1-кітап 1994; 2-кітап 1996) дилогиялары. Жұмаділовтің соңғы жылдардағы көлемді шығармасы – «Таңғажайып дүние» (1998) ғұмырнамалық, «Қылкөпір» (2003) романдары.

24.kz

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия