
Жазира Байырбекова зағип қызды ұзатып, көз жасына ерік берді. Ол бұл туралы instagram парақшасына видео жүктеп, жылағаны үшін сол жерде болған қонақтардан кешірім сұрады.
«Бүгін ұзатылған қыздың екі көзі көрмесе де достарының арасында сыйлы болып,өмірде өз орнын,теңін тауып ұзатылып бара жатқаны көп адамға мотивация. Тек әнімнің аяғында қатты жылағаным үшін осы жерде болғандардан кешірім сұраймын! Қыз бен жігіттің өмірге деген құштарлығына,батылдығына,ақылдылықтарына қарап риза болғаннан қатты толқып кеттім! Шын жүрегімнен аттасым Жазира мен күйеу жігітке бақыт тілеймін!» — деп жазды әнші.