jasqazaq.kz

Жазира Байырбекова: Бибігүл апайдың Қайратты жерге теңегені көңіліме қатты тиді

10 маусым 2017, 14:30

Жазира Байырбекова бұлбұл әнші Бибігүл Төлегеноваға деген құрметінің шексіз екенін айтты. Алайда соған қарамастан, Байырбекова Қайрат Нұртасты жерге теңеген Төлегеноваға ренжіп қалған.

Бибігүл Төлегенова Қайрат пен Димашты салыстырып, бірін көкке, ал екіншісін жерге теңегеннен кейін отандық жұлдыздардың басым бөлігі Қайрат Нұртасқа қолдау көрсетті. Олардың арасында Жазира Байырбекова да бар.

Ол қос әншіні салыстыруға болмайтынын, өнерде әрқайсынының өз жолы бар екенін айтқан еді. Баз біреулер бұлбұл әншіге ренжіп қалған Байырбекованы сынаған ұқсайды. Оны әншінің мына жазбасынан байқап қалдық.

«Ойымда не бар бәрін айтып қоя берем. Менің ең үлкен кемшілігім де осы шығар. Бір нәрсені жасырып қалу, маған қатысы жоқ нәрселерге араласпауды үйрене алмай-ақ қойдым. Әділетсіздікке, біреудің біреуді орынсыз даттауына бей жәй қарай алматыным-ай…

Өзіне пайдасы жоқ дүниелерге араласпайтын адамдарға қызығамын. Олар бар күшін өз жұмысына, өз шығармашылығына жұмсайды… Өмірден әлі үйренерім көп.
Бибігүл апайымызды өте құрметтеймін. Ол кісідей осынша жасқа дейін өнерде өзін жоғалтпай жүру үлкен ерлік! Тек еңбектеніп жүрген қазақтың баласын жерге теңегені менің де көңіліме қатты тиді!» – деп бөлісті Жазира Байырбекова.

Еске сала кетейік, Бибігүл Төлегенова Қайрат пен Димашты салыстыруға келмейтінін айтып, Қайратты – жерге, ал Димашты көкке теңеген еді. Ал Stan.kz тілшісіне берген эксклюзивті сұхбатында Гүлзира Айдарбекова бұлбұл әншінің сынына жауап берді. Бұл ретте әнші Жазира Байырбекова да үнсіз қалмады.

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде