jasqazaq.kz

Жазира Байырбекова бала сүю үшін Германия дәрігерлеріне қаралып келген

05 наурыз 2018, 15:39

Жанболат пен Жазираның есейіп қалған бір ұлы бар. Жұлдызды жұп көп жылдан бері екінші рет сәби сүюді армандап жүр. Алайда той-томалақтан босамайтын Байырбекова жүйелі түрде емделмегенін бұған дейін де ашып айтқан еді.

Бұл туралы Жазира Байырбекова 31 арнаның “Айта берсін” бағдарламасында айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Осыдан бірер апта бұрын Жанболат пен Жазира алғаш рет шетелге демалысқа шығып, жұртты таңғалдырған еді. Себебі тыңдармандар жұлдызды жұптың тойдан босамайтынын жиі айтады. Бұл ретте Байырбекова алдағы уақытта денсаулығына көбірек көңіл бөлетінін айтып, жанашырларына уәде берген еді.

“Германияға барып, бүкіл ағзамды тексерттім. Емдейтін жерлерін айтты, олар емдеді. Олар маған: “Екі ай тыныш, таза ауада, табиғатта жүріп, режім сақтап, уақытылы тамақ ішіп, уақытылы ұйықтап, демалсаңыз, сіздің ағзаңыз толық жазылады”, – деді. Содан бері 1,5 жыл өтті, сол 2 ай демалысты әлі ала алмай жатырмыз.

Негізі аурудың барлығы шаршағаннан ғой. Жүйке шаршайды, әрбір сахнаға шыққан сайын қобалжимыз, ұшақтар мезгілсіз уақытта ұшады. Күндіз тамақ жеуге уақыт болмайды, ал түнде үйге барғанда шаршап, тамақ та ішпейтін кездеріміз болады. Немістердің анықтаған диагнозы, қойған емі сол болды. Бірақ 2 ай демалыс болса, қалай болатынын білмеймін. 2 ай түгілі, 10 күн демалып көрмеппіз. Әрі кетсе 3-4 күн”, – дейді әнші ағынан жарылып.

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық