jasqazaq.kz

Жазғы дөңгелекпен жүргендерді айыппұл күтіп тұр

08 қараша 2019, 12:44


Алматы полициясы автокөліктің дөңгелегін дер кезінде ауыстыру қажеттігін ескертеді.

Алматы қалалық ПД Әкімшілік полиция басқармасы – Алматыдағы жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету, көлік құралдарын пайдалану, олардың техникалық регламенттерге, стандарттар мен техникалық пайдалану ережелеріне сәйкестігін бақылау жөніндегі уәкілетті орган.

— Ауа-райының нашарлауы мен қар түрінде жауын-шашынның болуы, ауа температурасының төмендеуіне байланысты жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жүргізушілер мен автокөлік иелеріне дөңгелекті қысқы шиналарға ауыстыруға шақырамыз. Кедендік одақтың «Дөңгелекті көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы» техникалық регламентіне (КҚ ТР 018/2011) 8-қосымшаның 5.5-тармағына сәйкес, жазда (маусым, шілде, тамыз) дөңгелектері сырғанауға қарсы шиптермен жабдықталған көлік құралдарын пайдалануға тыйым салынады. Ал қысқы кезеңде (желтоқсан, қаңтар, ақпан) қысқы шиналармен жабдықталмаған көлік құралдарын пайдалануға тыйым салынады. Сонымен қатар, қысқы шиналар көліктің барлық дөңгелектеріне орнатылуы тиіс. 1 желтоқсаннан кейін осы талаптарды бұзған жүргізушілерге ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы 5-тармағы бойынша 5 АЕК көлемінде әкімшілік жауапкершілік қарастырылған, — деп хабарлады Алматы қаласы ПД Әкімшілік полиция басқармасының бастығы полковник Жандос Мұраталиев.

caravan.kz

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда