jasqazaq.kz

Жазасын өтеуші түрме қызметкеріне қаржы аударып жіберген

18 қыркүйек 2020, 18:35

Оралда жазасын өтеуші түрме қызметкерінің есепшотына қаржы аударып жіберген. Бұл туралы  ҚазАқпарат хабарлайды.

БҚО бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға осы айда РУ-170/3 мекемесінде орын алды.

Аталған департамент пен БҚО сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкерлері жедел алдын алу шаралары барысында мекеме қызметкерінің банктік есепшотына 30 мың теңге аударылғанын анықтады.

Ақшаны РУ-170/3 мекемесінде жазасын өтеуші жіберген болып шықты.

«Аталған қаржы тәркіленген тыйым салынған затты қайтарып алу және соны жасыру мақсатында лауазымды тұлғаға заңсыз сыйақы беру ретінде жолданған. Алайда мекеме қызметкері бұл дерек туралы мекеме басшылығы мен департаменттің өзіндік қауіпсіздік өкіліне және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке жазбаша түрде баян еткен», деді БҚО бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің бастығы Азамат Ізтелеуов.

Қазіргі кезде ҚР ҚК 367-бабы 1-бөлігіне (пара беру) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде