jasqazaq.kz

Жаз жақындап қалды: сіріңке жақпа, қоқыс өртеме!

15 сәуiр 2025, 16:12

ТЖМ өрт қаупі жоғары кезеңнің басталуына байланысты азаматтарды сақ болуға шақырды, деп хабарлайды jasqazag.kz.

Бүгін баспасөз мәслихатында төтенше жағдайлар вице-министрі Кеген Тұрсынбаев ел-жұртқа осындай үндеу жасады.
Ол қазіргі кездегі құрғақ ауа райын мен температураның жоғары болуы орман, дала, саяжай учаскелерінде және елді мекендер маңында өрт қаупін айтарлықтай арттыратынын атап өтті.

Кеген Тұрсынбаев: «Қайғылы оқиғалардың алдын алу үшін қарапайым ережелерді сақтау қажет. Ең алдымен, әрбір азаматымыз табиғат аясында және тұрғын үйлердің жанына жақын жерде от жақпасын, құрғақ шөптерді, қоқысты және тұрмыстық қалдықтарды өртемесін. Шала сөндірілген темекіні немесе сіріңкені тастамаңыз. Түтінді немесе отты байқаған жағдайда бірден “101” немесе “102” нөміріне хабарласыңыз. Осындай бірлескен жұмыстардың нәтижесінде біз үлкен қиындықтардан, қайғылы оқиғалардан өз азаматтарымыздың өмірін сақтап, жерімізді аман алып қаламыз. Сондықтан әрбір қазақстандық өз отбасын, үйін және айналасындағы қоршаған ортаның қауіпсіздігі үшін қырағы болғаны қажет. Біз сіздерге осындай өтініш айтамыз»,
— деді.

JQ-Aqparat

gov.kz

29 қазан, 14:55
Шымкент жастары: жүйелі қолдау және жаңа бастамалар
29 қазан, 13:08
Шымкент: Төтенше жағдайдың алдын алу жұмыстары күшейтілуде
28 қазан, 18:31
Шымкент: Шағын өндіріс алаңының шапағаты
28 қазан, 17:22
«JAS QAZAQ» газетінің 10 жылдық мұрағаты зерттелді
28 қазан, 13:47
Президент Жолдауындағы басты бағыттар қандай?
27 қазан, 18:46
Алматыда жастар мен Жетісу ауданының тұрғындары қалдықтарды сұрыптау бойынша экологиялық акцияға қатысты
27 қазан, 18:25
Ақмарал Ещанова: Экологиялық туризмді дамыту табиғатты қорғаумен қатар жүруі керек
27 қазан, 14:57
Жанұзақ Махамбетов: Басты міндет – қала тұрғындарына жылуды үздіксіз жеткізу
25 қазан, 17:35
Алматыда таулы аумақтарды тазарту бойынша ауқымды экологиялық акция өтті