jasqazaq.kz

Жатырдан ұл боп шыққан бала, анасы ес жиғанша қызға айналып кеткен (Видео)

26 мамыр 2021, 13:30

Нұр-Сұлтан перзентханаларының бірінде таң қаларлық жағдай болды. Анасының жатырынан ұл боп шыққан сәби, анасы кесер тілігінен кейін есін жиғанша қызға айналып кеткен. Ал дәрігерлер бала туралы мәліметті компьютерге енгізіп, босанған келіншекке мынандай «Туу туралы медициналық анықтама» беріп, оған жынысы «ұл» деп ойып тұрып жазып беріпті. Ол аздай, хирург дәрігер Ұлдананың туыстарына хабарласып «шаңырақтарыңызға маңдайы торсықтай ұл келді» деп сүйінші сұраған. Енді Молдабековтар әулеті Рамазан деп азан шақырып ат қойған перзентінің есімін Айару деп ауыстырыпты. Бұл туралы «Информбюро 31» жаңалықтар қызметі хабарлады.

Тұңғышына толғағы қысқан Ұлдана бірден Нұр-Сұлтандағы нөмірі бірінші перзентханаға келеді. Дәрігерлер келіншектің өз күшімен босана алмайтынын білген соң кесер тілігін жасап, есін толық жинай алмай жатқан анадан «сіз ұл тудыңыз» деп бірден сүйінші сұрайды. Тіпті, компьютерден қағаз шығарып, баланың қолына да ұл деген бирка тағып береді.

МИРА НҰРАНОВА, Ұлдананың әпкесі:

– Қыз пока есін жинап палатаға шығып баласын қолына алып пеленайтетеім дегенде что то не понятно, қыз әлі жас ештеңе түсінбейді. Содан не жағдай боп жатыр, менде ұл ғой десе, дұрыс қой сенде ұл ғой деп ешкім қарамаған қоя салған. Екінші күн өтеді, содан тағы паника көтереді, сөйтіп басрса дұрыс қой сізде қыз деп айтқан. Босандырған акушерка кешіріңіз қағаздан қате кетіпті сізде қыз туды деп қоя салған.

Сөйтіп жаңа босанған Ұлдана түк түсінбей дал боп жатқанда туғандары тұңғыштары ұл болды деп тойлатып тастайды. Екі күннен кейін дәргерлердің шатасқанын есітгенде төбелеріне жай түскендей болады. Өйткені олар сәбиге ат та қойып қойған.

ЖҰМАҚЫЗ ҰЛДАНАСОВА, Ұлдананың анасы:

– Рамазан деп ұлдың атын қойып қойдық, енді өздері шешіп Айару деп қойыпты. Бас тартпаймыз. Ұл не, қыз не немерем ғой енді.

Дәрігерлердің бұлай шатасқанына сенбеген баланың әкесі ДНҚ сараптамасын да талап етеді. Оның нәтижесі бойынша бала 100 пайыз Ұлдананыкі болып шығады. Алайда ашық келген конверттегі нәтижеге әкенің көңілі толмайды, сондықтан қайта тексермек. Баладан бас тартпаймын, бірақ қателескендерді жазаға тартпай қоймаймын дейді Ердос.

ЕРДОС МОЛДАБЕКОВ Ұлдананың күйеуі

– Мен сотқа беремін, ары қарай қандай жаза тағайындалатынын өзі шешсін соттың.
Денсаулық сақтау басқармасы перзентханаға қанша хабарласқанмен қызды ұл жеп шатастырғандар сыртқа шығып мән-жайды түсіндірмей қойды.

Журналистердің келгенін естіген дәрігерлер кейін бүлдіршіннің әкесін кіргізіп алып кешірім сұрайды. Айтуларынша, компьютерге мәлімет енгізген дәрігерден қателік кетіп, бұған дейін туған баланың жынысы мен салмағы жазылып кеткен. Алайда Ұлдананың туғандары дәрігерлер жазасын алмай қоймаймыз деп отыр.

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық