jasqazaq.kz

Жатыр мойны обырына қарсы вакцинациялау шарасы жүргізілмек

16 мамыр 2020, 9:54

Бүгін ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Людмила Бюрабекова сарапшылармен кездесу өткізді. Министрліктің Facebook парақшасында өткен онлайн кездесу барысында мамандар адамдағы папиллома вирусына, жатыр мойны обырына қарсы вакцина мәселелерін талқылады.

«Біз аталған вакцинаны қолданудың халықаралық тәжірибесін талқылап, жатыр мойны обырын зерттеу бойынша өткізген скринингіміздің нәтижелері жайында сөз қозғамақпыз. Бұл вакцинаны 2021 жылғы Ұлттық вакцина күнтізбесіне қосуды жоспарлап отырмыз. Ол ата-аналары тарапынан толық келісім болған жағдайда қыз балаларға ерікті түрде егілетін болады», — деді кездесуді ашқан вице-министр.

Талқылауға қатысқан ҚР ҰҒА корреспондент мүшесі, медицина ғылымдарының докторы, профессор Вячеслав Локшиннің дерегінше, бүгінде әлемде жыл сайын шамамен 600 мың жатыр мойны обыры тіркеліп жатады. Ол обыр жағдайларының арасында төртінші орында тұр. Сонымен қатар, жыл сайын дәл осы жаман аурудан әлемде 300 мың әйел көз жұмады.

«Қазіргі уақытта жатыр мойны обырын төмендетудің оң оңтайлы жолы — бұл вакцина салу, скрининг әдістемен ерте диагностикалау. Вакцина бізге не береді? Ол қыз балалардың 90 пайызында жатыр мойны обырының дамуын болдырмауға ықпалын тигізеді. Бұған қоса, біз келесі ғасырда жатыр мойны обыры ажалынан 62 млн тағдырды арашалап қаламыз», — деді ғалым.

Ал «Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институты» АҚ басқарма төрағасы, медицина ғылымдарының докторы Диляра Қайдарованың айтуынша, Қазақстан жатыр мойны обырына шалдығу көрсеткіші жоғары елдердің тізіміне кіреді. Еліміздегі бұл көрсеткіш 18,7 пайызды құрап отыр.

«Соңғы 15 жылда жатыр мойны обырына шалдығу дерегінің артқаны байқалғанымен аурудың бұл түрінен өлім-жітім төмендеген. 10 жылда Қазақстанда жатыр мойны обырына скрининг жүргізіліп келеді және обырдың алғашқы сатысын анықтау 62 пайызға дейін жетті. 2008 жылдан бері скрининг өткізіп келеміз. Бүгінде әйелдер кез келген жасында тест тапсыра алады. Қазақстанда жыл сайын 600-ден астам әйел жатыр мойны обырынан көз жұмады. Яғни, күн сайын 2 әйел қайтыс болады деген сөз. Сондықтан қазіргі уақытта жүргізіліп жатқан бағдарлама осынау қатерлі аурдың алдын алуға септігін тигізеді»,- деді Диляра Қайдарова.

ҚазАқпарат

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде