jasqazaq.kz

Жаттықтырушылар мен төрешілердің қызметін лицензиялау енгізіле ме?

19 желтоқсан 2022, 13:19

Жаттықтырушылар мен төрешілердің қызметін лицензиялау қажет емес. Бұл жайында ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың Сенат депутаттарының сауалына берген жауабында айтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Жаттықтырушылар мен спорт төрешілері өз біліктілігін жаттықтырушылар мен спорт төрешілеріне аттестаттау жүргізу қағидасына сәйкес растайды. Заңға сәйкес жаттықтырушылар мен спорт төрешілерін аттестаттауды республикалық және өңірлік спорт түрлері бойынша аккредиттелген спорт федерациялары жүргізеді. Осыған орай жаттықтырушылар мен төрешілердің қызметін лицензиялау қажет емес деп ойлаймыз», — деп атап өтеді Үкімет басшысы жауабында.

Оның атап өтуінше, салауатты өмір салтын дәріптеу және бұқаралық спортты дамыту — «Дені сау ұлт» әрбір азамат үшін сапалы және қолжетімді денсаулық сақтау» ұлттық жобасының негізгі мақсаттарының бірі.

2019-2021 жылдары елімізде дене шынықтырумен және спортпен айналысатын азаматтардың үлесі 30,6 пайыздан 34,2 пайызға өссе, 2025 жылға дейін бұл көрсеткішті 50 пайызға дейін жеткізу көзделген.

Бүгін, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
Бүгін, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
Бүгін, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр