jasqazaq.kz

Жат жерден жұмақ іздеді

07 желтоқсан 2017, 11:28

Сириядан құтқарылып, 13 қараша күні Грозный қаласына жеткізілген əйелдердің арасындағы жалғыз қазақ əйелі Ресей мен Қазақстан арасындағы өзара шешімге сəйкес төрт баласымен бірге Мəскеу қаласы арқылы 15 қараша күні туған жері Орал қаласына жеткізілді.

29 жастағы Анар (есімі өзгертілді) 2011 жылы 12 сəуір күні ата-анасына да айтпастан қашып шығып, Ақтау қаласы арқылы ұшақпен Ыстамбұл қаласына жетеді. Қаршадай қыз одан əрі Иран-Пəкістанға жол тартқан. Оны Вазиристан қаласында интернет арқылы танысқан жігіті күтіп алады. Сол қалада олар алғаш рет көрісіп, танысып, некелерін қидырады. Одан əрі халифат жолына шығып Сирияға жеткен олар басынан нендей жағдайларды өткерді? Ракка қаласы, соғыс, əуе соққылары, жарылыстар, үйінді астында қалған əйелдер мен балалар… Сенімі алдаған азап өмір, түрме… Міне, жұмақ өмір іздеп жолға шыққан қазақ қызы қалай алданды? Бұл туралы газетіміздің алдағы санында журналист Ұлдай Сариеваның Сирия тозағынан аман оралған Анармен болған сұқбатын оқи аласыздар.(Суретте сұқбат сəті)

24 қараша, 15:55
АЭС - таза энергияның сенімді көзі
24 қараша, 15:31
Басты міндет – төтенше жағдайдың алдын алу
23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды