jasqazaq.kz

Жат ағымға кіріп кеткен әншіні әкесі байлап ұстап отыр

04 желтоқсан 2017, 10:12

Қазақстанға танымал әншіні туған әкесі қала сыртындағы саяжайда қамап ұстап отырғаны жайлы танымал блогер Айгүл Орынбек facebook желісіндегі парақшасында жазды деп хабарлайды NUR.KZ.

«Елімізге танымал бір əншіні əкесі дачасында байлап ұстап отыр екен. Əнші сəлəфит болып кетіпті. Əкесі арнайы адам жалдап, қарауылдатып, тамақ суын өзіне керек дүниесін əйнектен беріп отырады екен. Өнердегі достары сол жолға түсіп кеткен соң, баласын сақтап қалу үшін амал жоқ осындай амалға барып отыр.

Сəлəфиттер елімізге танымал адамдардың қасында біраздан бері бұлғаңдап жүргендері өтірік емес! Өнердегі жігіттеріміз қыздарды тоқалға алып, қолғапша ауыстырып жатқанын да көріп жүрміз. Текті қазақтың ұрпағы едік, тексіз арабтардың идеологиясын тықпалағандардың құлдары көбейіп келеді. Баласының болашағын ойлаған мына əкенің ісі дұрыс па, бұрыс па білмеймін!

Бірақ «əке шешең жынды болса байлап бақ»- деген мақалды қəзіргі заман ағымына қарай «Теріс ағымға, сəлəфиттер, вахабиттерге ерген балаларыңды байлап бағыңдар!»- дегенім дұрысырақ па , қалай ойлайсыздар?», — деп сөзін түйіндеген белгілі заңгер.

Қалың оқырман болса жат ағымның жетегінде кетіп, тағдыры тәлкегіне түскен өнер адамының тағдырына алаңдап, оның кім екенін білуге үлкен қызығушылық танытуда.

Сәләфизммен миын улаған ұлдарын осылай ұстаған ата-анасының бқл қадамын көпшілігі «қатыгездік» деп сөксе, енді бірі – дұрыс шешім деп санауда.

24 қараша, 15:55
АЭС - таза энергияның сенімді көзі
24 қараша, 15:31
Басты міндет – төтенше жағдайдың алдын алу
23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды