
Алматыда карантин кезінде «Нұрлы Тау» тұрғын үй кешенінде жұмыс істеген казино әшкере болды. Бұл туралы Қаржылық бақылау комитетінің өкілдері айтты.
Казиноның 4 мамырда операция барысында анықталғаны айтылады.
«Нұрлы Тау» тұрғын үй кешендерінің бірінде жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында заң бұзған астыртын казино әшкере болды. Тінту кезінде пәтерде клиенттер мен казиноның қызметкерлері болған. Барлық зат тәркіленді, ақша да тәркіленді», — деді Қаржылық бақылау комитетіндегілер.
Ведомство өкілдері ҚР Қылмыстық кодексінің 307-бабы бойынша («Заңсыз ойын бизнесiн ұйымдастыру») сотқа дейінгі өндіріс басталғанын айтты.
Tengrinews.kz