
Атырауда карантин кезінде жұмыс істеген Loto club букмекер кеңсесі әшкере болды. Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлады.
Атырау облысы Полиция департаменті Ұлттық қауіпсіздік комитетінің жергілікті департаментімен біріге отырып, операция жүргізген. Букмекер кеңсесі қала орталығында жұмыс істеген.
«Нәтижесінде 7 келуші мен букмекер кеңсесінің 2 қызметкері карантин режимін бұзғаны үшін ұсталды. Барлығы ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 476-бабының 6-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды», — делінген хабарламада.