jasqazaq.kz

Жасырын үгіт жұмыстары байқалады

09 маусым 2019, 14:54

Әлеуметтік желіде белгілі бір кандидатқа жасырын үгіт жұмыстары байқалады. Бұл туралы бүгін Бас прокурордың орынбасары Болат Дембаев айтты. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

«Өздеріңіз де білетіндей, сайлау күнінде сайлау алды үгіт-насихатын жүргізуге тыйым салынған. Бұл үшін жеке тұлғаларға 15 АЕК, заңды тұлғаларға 30 АЕК көлемінде айыппұл қарастырылған. Қазіргі уақытта тыйым салынғанына қарамастан жекелеген азаматтардың әлеуметтік желіде жасырын түрде үгіт жүргізуі байқалады. Азаматтың дауыс беріп, бюллетенін суретке түсіріп жария ету деректері бар. Бұл үгіт саналады», — деді Бас прокурордың орынбасары Орталық сайлау комиссиясындағы брифингте. Оның айтуынша, байқаушылар отырысы хаттамасының жария етілу дерегі бар. Заңға сәйкес байқаушы хаттамамен тек қана танысуы қажет. «Бірақ, олар оны БАҚ-та және әлеуметтік желіде жария етуде. Бұған жол беруге болмайды, бұл да жасырын жарияланым. Ол үшін де айыппұл қарастырылған. Хаттама дауыс беру аяқталғаннан кейін ғана қабырғаға ілінеді.Сағат 20-00-ге дейін хаттаманы жария етуге болмайды. Бұл барлығына, оның ішінде байқаушыларға да қатысты», — деді ол. Бас прокурордың орынбасары анықталған барлық факті бойынша тексеру жүргізіліп, шара қолданылатындығын айтты. «Бір адамның Фейсбугінде Қосановқа дауыс беруге шақыру орналастырылған. біз оның парақшасына кімдердің кіргенін тексереміз. Дауыс беру күнінде барлық өтініштер дереу қаралатын болады. Жалпы, дауыс беру тыныш өтіп жатыр, қоғамдық тәртіпті өрескел бұзу жоқ. Жасырын сайлау алды үгіт-насихат жүргізуге жол берілмейтіндігін ескертемін»,- деді Болат Дембаев.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда