jasqazaq.kz

Жасырын тоқал алған ерлер абақтыға жабылады

30 наурыз 2018, 16:52

Мысыр парламенті азаматтық кодекс жобасына енгізілген, жасырын тоқал алғандарды бас бостандығынан айыратын жаза қарастырылған түзетуді талқылап жатыр.

Мысыр парламентінің депутаты Сулаф Дәруіш аталмыш заң жобасы отбасы құндылықтары мен балалар құқығын қорғау үшін қолға алынып отырғандығын жеткізді. Егер бұл заң жобасы қабылданар болса, бәйбішесіне айтпай тоқал алған ер-азаматтар алты айға абақтыға жабылады.
«Сондай-ақ, отбасы барын біле тұра әйел үстіне әйел болуға келісімін бергендер де жауапкершіліктен жалтара алмайды: айыппұл салынады. Мынаны ескерте кеткіміз келеді: бұл елде де араб елдеріндегіндей тоқал алу заңдастырылған. Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының таратқан хабары мен келтірген дерегіне қарағанда, бірнеше әйелі бар отбасылы мысырлық ер-азаматтардың қарасы төрт пайыз құрайды»,- деп жазады islam.kz.
Көбіне тоқал болуға жесір қалған немесе бұрынғы күйеуімен дәм-тұзы жараспай ажырасқан әйелдер келісімін береді. Қолданыстағы заң бойынша бәйбішесінің тоқал алуға келісімі керек емес, алайда, күйеуі оған тоқал алатынын хабарлауға міндетті.

 

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде