jasqazaq.kz

«Жасыл кеңсе» республикалық конкурсының жеңімпаздары анықталады

19 қараша 2020, 19:14

  Осы жылдың 20 қарашасында сағат 12:00-де Нұр — Сұлтан қаласында II Республикалық «Жасыл кеңсе» конкурсының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтеді. Байқауды ұйымдастырушылар: «Жасыл экономиканы» қолдау және G-Global-ды дамыту Коалициясы» ЗТБ. Қолдау білдіргендер: ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар Министрлігі, Қазақстанның экологиялық ұйымдары қауымдастығы, ЕҚЫҰ Нұр-Сұлтандағы бағдарламалар офисі.

Байқау экологиялық таза «жасыл» өмірді жақсарту үшін төмен көміртекті технологияларды насихаттауға, қоғамдық ғимараттарды пайдаланғанда оның экологиялылығын, жайлылығын және энерго тиімділігін арттыруға, озық тәжірибені, үздік технологиялық шешімдерді таратуға, экологиялық жауапты ұйымдарды брендтеуге бағытталған.

Байқауға қатысу үшін өтінімдер осы жылдың 10 маусымынан 1 қазанына дейін 10 номинация бойынша қабылданды: 1) білім беру саласында; 2) денсаулық сақтау саласында; 3) мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор арасында; 4) халықаралық ұйымдар мен өкілдіктер арасында; 5) Шағын орта кәсіпкерлік арасында; 6) өнеркәсіптік кәсіпорындар арасында; 7) бизнес орталықтар мен сауда орталықтары арасында; 8) қызмет көрсету саласында; 9) қаржы ұйымдары арасында; 10) Үкіметтік емес ұйымдары арасында.

Конкурсқа қатысушылардан барлығы 50 ұсыныс келіп түсті. Байқау комиссиясы жеңімпаз дипломдары мен «Green office» арнайы белгілерін алатын 20 үздік мекемеме таңдап алынды.

Марапаттау рәсіміне ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі А. Ә. Пірімқұлов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты М. Д. Бопазов, ЕҚЫҰ Нұр-Сұлтандағы бағдарламалар офисі басшысы Дьердь Сабо, «Қазақстанның экологиялық ұйымдарының қаумдастығы» ЗТБ Басқарма Төрайымы А. С. Соловьева, G-Global халықаралық хатшылығы басшысы С.Н.Нөгербеков қатысады.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде