jasqazaq.kz

«Жасыл» аймақта тек Түркістан облысы қалды

02 ақпан 2022, 11:35

Коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК 2 ақпандағы жағдай бойынша эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасын жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Атырау, Алматы, Ақтөбе Ақмола, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары «қызыл» аймақта.

Шымкент қаласы, Қызылорда, Маңғыстау облыстары «сары» аймақта.

Түркістан облысы ғана «жасыл» аймақта қалып отыр.

Айта кетейік, 1 ақпанда ғана Маңғыстау облысы «қызыл» аймақта тұрған еді.

Емделіп жатқандардың ішінде 10 283 пациент стационарда, ал 125 307 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр. КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында 446 адамның жағдайы ауыр. 168 пациенттің жағдайы өте ауыр болса, 84 науқас жасанды тыныс алу аппаратында жатыр.

Елімізде коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның 1-компонентін 9 203 671 адам, 2-компонентін 8 775 383 адам салдырды.

17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр