79 жастағы Уганда премьер-министр Мозес Али елдегі премьер-лиганың ашылу салтанатында келеңсіз жағдайға тап болды. Доп теппек болған үкімет басшысы шалқасынан құлап, елдің күлкісін келтірді деп жазады Oxu.Az порталына сілтеме жасаған NUR.KZ.
Басылымның жазуынша, премьерге алғашқы допты тебу міндеті тапсырылған. Алайда жасы 80-ге таяған алып ер адам тепе-теңдікті ұстай алмай, құлап қалды.
Мозес Алидің әрекеті күлкілі көрінгені соншалық тіпті, премьер-министрдің күзетшілері де өздерін ұстай алмай, күліп жіберген.

WhatsApp: +7 705 717 9113



