jasqazaq.kz

Жастарға жалдамалы баспана қашан беріледі?

03 шiлде 2019, 15:40

Омарбекованың сөзінше, жастарға жалдамалы баспана беру бағдарламасы бойынша құжаттар қыркүйек айынан қабылдана бастайды.

Еліміздің ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Жұлдыз Омарбекова үкіметтің баспасөз конференциясында қазақстандық жастардың жалдамалы баспананы 10-12 мың теңгеге қалай ала алатынын түсіндірді. Хабарланғандай, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында жыл сайын 1 000 пәтер бөлінетін болады. Омарбекованың сөзінше, жастарға жалдамалы баспана беру бағдарламасы бойынша құжаттар қыркүйек айынан қабылдана бастайды. «Ережелер 1 тамызда біздің сайтымызда жарияланады. Алдымен, олар — 29 жасқа толмаған жастар. Егер олардың отбасы болса, асырауында мүгедек ата-анасы немесе мүгедек балалары болса, қосымша бонус беріледі. Жалдамалы баспана 3 жылдан 5 жылға дейін берілетін болады. Жергілік атқарушы билікпен және басқа да министрліктермен бірге шарттарын дайындап жатырмыз», — дейді вице-министр. Жалдамалы пәтер берудің негізгі шарты – өз баспанасын алу үшін қаржы жинау бойынша қазақстандық бағдарламалардың біріне қатысу, деп жазады stan.kz. «Әзірге сол жалдамалы баспанада 3 жылдан 5 жылға дейін тұрып, 10-12 мың теңге төлейсіз. Адам ақша жинай алуы үшін осында сома көрсетіліп отыр. Ең басты шарт – «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінде» есепшот ашу немесе қандайда бір мемлекеттік бағдарламаға қатысу. Ол сіздің ақша жинап жатқаныңызға көз жеткізуіміз үшін қажет», — дейді вице-министр.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда