Жастар — қоғамның қозғаушы күші. Қазіргі таңда ислам атын жамылған түрлі жат ағымдар жастарымыздың санасын улауда. Ал осы жат ағымның шырмауына түскен жастарымыз хақ дін мен теріз ағымның арасын ажырармалып жүр. Бұл еліміздің болашағы үшін де, қоғам үшін де ойланатын үлкен мәселе. Осы орайда жастардың діни жат ағымдарға қарсы иммунитетін қалай қалыптастырамыз? Олардың алдын алу үшін қандай шаралар қолданылуда? Осы сынды көкейкесті сауалдарға Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасының « Кеңес беру және оңалту» орталығының теологы Қуаныш Тоқсанбайұлы жауап берді.

Jasqazaq.kz: Ең алдымен елімізде жат ағыммен күрес үшін қандай шаралар жолға қойылған?
Қуаныш Тоқсанбайұлы: Жат ағымның алдын алу мәселесінде біздің елдің позициясын білесіздер, біздің ел — күшпен емес, біліммен идеологиямен жеңуді көздейді. Елбасының өзі қазақ елінің тарихында дәстүрлі дінді ұстанған зиялы қауымның болғандығын үнемі ескертіп, олардан үлгі алуымызды айтып өткен. Қазіргі таңда еліміздің әр аймағы бойынша дін істері басқармасы жұмыс істейді. Басқарманың өзінің көптеген функциялары бар. Ал сол функцияның бірі- осы жат ағымның жетегінде кеткендерді кері қайтару. Бұл бойынша Алматы қаласының әр ауданында кеңес беру және оңалтумен айналысатын арнайы дипломы бар теолог мамандар жұмыс істейді. Кейбіреулерімен жеке кездесулер ұйымдастырылса, кейбіреуімен құқық қорғау органдарымен бірлесіп түсіндіру жұмыстары жасалады. Одан кейін экстремизм мен терроризм бабы бойынша отырған абақтыдағы адамдармен де кеңес беру істері жүргізіледі. Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасы « Кеңес беру және оңалту» орталығының өзінде 3 теолог, екінші филиалында әйел адамдарымен жұмыс істейтін 1теолог бар. Одан кейін 6 теолог. Бұл 6 теолог Алматы қаласы бойынша орналасқан 6 түрмеге барып жұмыс істейді. Мысалы олар орындарын ауыстыратын болса, оңалтылып келе жатқан кісінің қандай деңгейге келгенінен шатасады. Сондықтан да тұрақты бір түрмеде, бір теологтың жұмыс жүргізгені дұрыс. Бұл теологтар Қазақстан Діни басқармасы бекіткен арнайы дипломы бар мамандар.
Jasqazaq.kz: Cіз қызмет ететін «Кеңес беру және оңалту» орталығы жат ағымның жетегінде кеткен қанша адамның бетін бері қайтарды?
Қуаныш Тоқсанбайұлы: Алматы қаласы Дін істері жөніндегі «Кеңес беру және оңалту орталығында» биылғы жылдың наурыз айынан бері 1400- дей адаммен жекелеген кездесулер өткізілді. Ал әйел адамдардың 500-ге жуығымен ақпараттық түсіндіру, оңалту жұмыстары өтсе, қаламыз бойынша экстремизм және терроризм бабы бойынша отырған азаматтармен 200-ге тарта кездесу ұйымдастырылып олардың бетін бері қайтару бойынша біраз жұмыстар атқарылды.

Jasqazaq.kz: Жастардың жат ағымның жетегінде кетпеуі үшін алдын-ала қандай шаралар қолдану керек?
Қуаныш Тоқсанбайұлы: Ең алдымен ата-ана баланың интертте отыру мәдениетін қадағалап отыруы керек. Сонымен қатар жастар ҚР Қоғамдық даму министрлігі және Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы рұқсат еткен сайттарға ғана кіруі керек. Адамда идеологиялық ваккум деген нәрсе болмайды. Адамдар сол ваккумды бір нәрсемен толтырғысы келеді. Діни сауатын ашқысы келетін жастарға тек дұрыс жолды нұсқауымыз қажет. Діни сауалдар туындаған кезде діни жоғары білімі бар мемлекеттік саяси немесе мемлекеттік бағытта Қазақстан мұсылмандар діни басқармасының нұсқауымен ұсынылған ұстаздардан ған білім алуға кеңес беремін. Тағы бір ескеретін жайт ата-ана мен баланың қарым-қатынасы ашық болуы керек. Егер бала өз ата-анасынан әрекеттерін жасырын жасайтын болса, ата-анасымен ақылдаспайтын болса қыйын жағдайларға тап болуы мүмкін. Сондықтан ата-ана баласының араласатын достары мен ортасын да бақылауға алғаны жөн. Егер бала жастайынан намазға жақын болып, діни сауаттылығын арттыруға бейімделсе, бала қай бағытта намаз оқуда? Қандай діни кітаптардан білім алуда? Дәстүрлі «Ханафи мәзхабы» жолын ұстануда ма? Осы сауалдардың барлығын ата-ана өз бақылауына алуы керек. Өйткені намаз сырт көзге үлгі боларлық жағдай болғанымен, оның ішінде қаншама мәселе жатыр. Өйткені сол көзқарасты адамдардың идеологиясында үлкен мән жатыр. Біз идеологияны адамның жүрегінен көре алмаймыз ғой, тек сыртқы көрінісіне ғана қарап баға бере аламыз. Кез-келген теологтан сұрасаңыз жат ағымға кетудің алғашқы себеді ол-діни білімсіздік. Ал екінші адам бір белгілі себептермен намаз оқуға бел буады. Ал осы кезде оның алғашқы бағыт беруші ұстазы қандай болса соның көрсеткен жолымен кетуі. Егер оның ұстазы жат ағымның насихаттаушысы болса, ол соның артынан оңай еріап кетеді. Өйткені ол адам не айтса да ұстазымның айтқаны дұрыс деген көзқараста болады. Үшінші мәселе ол-қаржылай тәуелділік. Өйткені жат ағымның өкілдері өзінің артынан ерушілерге алғашқыда қаржылай материалдық жағдайын жақсартуға көмектеседі. Ал берген қолға ешқашан қарсы шыға алмайтындар бар. Жомарт адам қашанда бәрінен жақын тұрады. Бұл басқа ағымды насихаттайтын бірден-бір жол осы. Төртіншіден жат ағымды нәсихаттайтындардың бейне жазбаларының көп таралуы. Бұл да үлкен себептің бірі.
Сұхбаттасқан Мақпал Ноғайбаева