jasqazaq.kz

Жастар жұмыссыздығының себебі неде?

16 қантар 2025, 12:30

Ұлттық статистика бюросының мәліметіне сәйкес, елімізде жастар жұмыссыздығының деңгейі 2024 жылдың үшінші тоқсанында 3,1%-ды құрады. Бұған қатысты Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Асқар Биахметов Jas Qazaq-қа жауап берді.

Вице-министрдің айтуынша, жұмыссыздықтың басты себептері әртүрлі:
* Жұмыстан босау немесе босатылу. Бұл, өз еркімен жұмыстан кету, жұмыс берушілердің жабылуына байланысты қызметтен босау немесе маусымдық жұмыстардың аяқталуымен байланысты болуы мүмкін.
* Үй шаруасымен айналысу. Әсіресе әйелдер арасында бұл жағдай жиі кездеседі.
* Зейнетке шығу, денсаулық жағдайы немесе отбасылық мәселелер де жұмыссыздықтың негізгі себептерінің бірі.
* Кейбір жастар жұмыс істеуге қажеттілікті сезінбейді, ал басқалары өз талаптарына сәйкес келетін жұмыс таба алмайды.
Ұлттық статистика бюросының деректері бойынша, жастар жұмыссыздығының ең жоғары деңгейі Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан және Қызылорда облыстарында, сондай-ақ Алматы мен Астана қалаларында байқалған.
Асқар Биахметов: «Мемлекеттік жоспарлау жүйесіне сәйкес, жергілікті атқрушы органдар өңірлерді дамыту жоспарларын әзірлейді, онда тұрғындарды жұмыспен қамту шаралары бойынша көрсеткіштер мен индикаторлар қаралуы мүмкін»-деді.
2024 жылдың үшінші тоқсанында жұмыспен қамтылған жастардың саны 3,7 миллион адамды құраған. Олардың негізгі бөлігі келесі салаларда жұмыс істейді:
* Көтерме және бөлшек сауда; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу – 651,9 мың адам (17,8%);
* Білім беру – 461 мың адам (12,6%);
* Өнеркәсіп – 396,7 мың адам (10,8%);
* Ауыл, орман және балық шаруашылығы – 390,3 мың адам (10,7%);
* Құрылыс – 262,7 мың адам (7,2%).

Ең аз жұмыс істейтін салалар өнер, ойын-сауық және демалыс, сондай-ақ жылжымайтын мүлікпен операциялар саласы екен.

Асқар Биахметов: «Жастар арасында кәсіптік бағдар беру, білім мен дағдыларды жетілдіру аса маңызды. Әсіресе, цифрлық технологияларға қызығушылық танытқан жастарға қолдау көрсетіледі» деп сендірді. Ол үшін биыл республикада 901 мың адамды жұмысқа орналастыруды жоспарлағанын жеткізді.

Жастар жұмыссыздығы мәселесін шешу үшін елдегі жұмыс нарығын әртараптандыру, жастарды кәсіптік оқыту және өңірлердегі жұмыс орындарын көбейту басты назарда болуы қажет. Себебі ел келешегінің сенімді тірегі — жастар. Статистикада көрсетілген 3,1 пайыздық жұмыссыздық деңгейі аз уақытта 0-ге жетсе дейміз» — деді.

Олжас Әбдіхалық

Фото: baq.kz

24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық
16 шiлде, 15:27
Ержан Жаров: Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу – жаңа заңның басты мақсаты
15 шiлде, 14:24
Қазақстан Қарулы Күштерінде цифрлық технологияны енгізу басым бағытқа айналды
14 шiлде, 17:15
Ғиззат Байтұрсынов: «Digital Qazaqstan» жалпыұлттық стратегиясы цифрлық мемлекет құруға бағытталған
14 шiлде, 13:36
Иран Шархан: Мақсат –шикізатпен шектелмей, дайын өнім шығаратын өндірістік модельге көшу
13 шiлде, 15:45
Коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту – өңір дамуының маңызды бағыты