jasqazaq.kz

Жастар санатына кіретіндердің жасы 29-дан 35-ке дейін ұзартылды

08 желтоқсан 2022, 15:03

Елімізде «жастар санатына» кіретіндердің жасы 29-дан 35-ке дейін ұзартылды. Бүгін сенатта тиісті заң жобасы екі оқылымда қаралып, қабылданды. Сондай-ақ, құжатқа жергілікті атқарушы органдарға, жастарға жеңілдікпен жалға берілетін тұрғын үй беру жөніндегі бағдарламаларды әзірлеуге және іске асыруға құқық беретін түзетулер енгізілді. Мұнан бөлек жастардың даму индексі, уақытша жұмысқа орналаспаған NEET санатындағыларды, еңбек жасақтары ұғымдарын заңнамалық тұрғыда бекіту ұсынылды.

Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы:

— Осы заң арқылы Мемлекет басшысының 2022 жылғы 1 қыркүйектегі Жолдауында берген жекелеген тапсырмаларын іске асыру көзделген. Құжатта уақытша бос жүрген жастарды қолдау және жастар ресурстық орталықтарының қызметін кеңейту мәселелері қамтылған. Сондай-ақ заңда бала күтімі бойынша әлеуметтік төлемдер кезеңін 1,5 жасқа дейін ұлғайтуға және 1 мен 6 жас аралығындағы әр балаға атаулы әлеуметтік көмек тағайындауға қатысты нормалар бар. Алдағы уақытта осы заң жастар саясаты бойынша қажетті шаралар кешенін жүзеге асыруға және бірқатар әлеуметтік мәселені оң шешуге мүмкіндік береді деп сенеміз.

24.kz

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде