jasqazaq.kz

Жасөспірімді соққан әкімнің бұрынғы орынбасары кінәсін мойындады

27 маусым 2018, 15:48

26 маусым күні Риддер қалалық сотында жол-көлік оқиғасына қатысты сот отырысы өтті. Сот барысында күдікті — Риддер қаласы әкімінің бұрынғы орынбасары Бауыржан Құрманбаев қаза болған жігіттің әке-шешесінен кешірім сұрап, барлық артылып отырған кінәні мойындайтынын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Аltaynews сайтына сілтеме жасап.

Экс-шенеунік сол күні рульде мас күйінде болғанын да растады. Тергеу барысында оның қанынан 0,8 промилле мөлшерінде алкоголь анықталған. Бұл оның жеңіл дәрежеде мас болғанын көрсетеді. Сондай-ақ сараптама автокөліктің 88 км/сағ жылдамдықпен келе жатып жігітті соққанын анықтады. Күдіктінің айтуынша, қараңғы мезгілде қарама-қарсы келе жатқан машинаның жарығы көзіне шағылысып, ол жол жиегін көрмей қалған. Соққыны сезгеннен кейін барып тежегішке басқан. Белгілі болғандай, БМВ Х5 көлігін Құрманбаев оқиғадан екі апта бұрын ғана сатып алған. Сот процесінде адвокат судьяға Құрманбаевтың алғыс хаттары мен грамоталарын, қала әкімі берген мінездемесін, әкесінің сырқат екенін растайтын құжаттарды ұсынды. Іс бойынша үкім бүгін шығарылатыны күтілуде. Сот отырысы 16.30-ға белгіленді.

23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді