jasqazaq.kz

Жасөспірімдердің төбелесіне араша болған полицейлерге шабуыл жасалды (видео)

19 шiлде 2020, 16:39

Қызылордада ағайындылар өзара төбелес шығарып, оларға араша болған полицейлерге шабуыл жасалды. Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлады.

Әлеуметтік желілерде адамдарды ұстап жатқан сәттің видеосы таралды. Кадрларда ер адам полиция қызметкерлеріне қарсылық көрсетіп жатыр.

Оқиға Қызылордада болғаны анықталды.

Қызылорда облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі, 18 шілдеде таңертең Қызылорда қалалық полиция басқармасының кезекші бөліміне көпқабатты үйдің ауласында төбелес шыққаны туралы хабар келіп түскенін хабарлады.

«Оқиға болған жерге келген патруль мүшелері кәмелетке толмағандар жанжалдасып жатқанын анықтады. Полиция қызметкерлері араға түсіп, оларды айыра бастады. Бұл уақытта үлкендер келіп, полицейлердің заңды талаптарына мән берместен, тәртіп сақшыларына қақтығысты тоқтату үшін кедергі бола бастады», — деп хабарлады полиция өкілдері.

13 және 17 жас аралығындағы жасөспірімдер туған бауырлар болып шықты.

Аталған дерек бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы 2-бөлігі «Ұсақ бұзақылық» бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

Ал кәмелетке толмағандардың әкесіне қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 380-бабы 1-бөлігі «Билік өкіліне қатысты күш қолдану» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от 🇰🇿ДружнаяИнстаСемья Алматы🔹️ (@100baksoff)

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде