jasqazaq.kz

Жасөспірімдерді суицидке итермелейтін топтың «кураторы» ұсталды

17 маусым 2020, 11:22


Түркістан облысында жасөспірімдерді суицидке итермелейтін топтың «кураторы» ұсталды.

ҚР ІІМ-нің баспасөз қызметінің мәліметінше, топ жетекшісінің тұлғасын анықтау интернет желісіне мониторинг жүргізу кезінде мүмкін болған. ІІМ Криминалдық полиция және тергеу қызметкерлері кәмелетке толмаған қазақстандықтардың қатысуымен өз-өзіне қол жұмсау сипатындағы топ туралы ақпарат тапқан. Бұл топтың мүшелерін анықтау және ұстау үшін ҚР ІІМ Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл орталығының және Түркістан облысы Полиция департаментінің қызметкерлерінен арнайы жедел-тергеу тобы құрылған. Одан арғы жұмыс барысында полицейлер интернетте ұйымдастырушының ның жеке-бас деректері мен мекенжайын анықтап, қолға түсірген.

Ол Арыс қаласының тұрғыны болып шықты. «Оның үйін тінту кезінде ноутбук, ұялы телефон, сим-карта салынған 3 қорап және басқа да заттай дәлелдемелер алынды. Телефонынан Telegram-да ашылған суицидтік бағыттағы каналдар болды. Қазіргі уақытта аталған жайт адам өлтіруге оқталу бойынша тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Сот санкциясымен күдікті қамауға алынды. Полиция қызметкерлері істің толық мән-жайын тексеруде. Сондай-ақ жасөспірімдерді осындай өлімге әкелетін ойындарға қатыстыруы мүмкін адамдарды және арна қатысушыларының өздерін де анықтау үстінде», — деп атап өтті ІІМ-нен. Министрлік ата-аналарды балалардың виртуалды өміріне бақылауды күшейтуге шақырады. Және шұғыл қажетті шаралар қабылданатын осыған ұқсас жайттар орын алса, тез арада полицияға хабарлауды сұрайды.

 ҚазАқпарат 

05 қазан, 14:25
Бағдат Байболов: Су жүйесін жаңғырту – тұрғындарды сапалы әрі үздіксіз сумен қамтамасыз етудің негізгі тетігі
02 қазан, 13:16
Кино – тарих сөйлейтін тіл
01 қазан, 14:17
Шымкенттің мәдени өмірі жанданып келеді
30 қыркүйек, 20:17
Шымкент: Өрісі кеңейген өңдеу өнеркәсібі
30 қыркүйек, 14:40
Шымкенттегі медициналық инфрақұрылым: жаңа нысандар бой көтереді
29 қыркүйек, 15:58
Шымкентте бұқаралық спортқа басымдық берілуде
28 қыркүйек, 14:29
Шымкент: Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде
22 қыркүйек, 16:36
Зауыт құрылысында - отандық жабдық! (Видео)
17 қыркүйек, 21:00
Таңғы шық елімен тартымды уағдаластық