jasqazaq.kz

Жасөспірімдер синтетикалық есірткі жасайтын зертхана ашқан

26 қазан 2020, 12:36

Қарағандыда синтетикалық есірткі жасаумен айналысқан үш жасөспірім ұсталды. Бұл туралы ҚР ІІМ ресми өкілі Нұрділдә Ораз мәлім етті.

«Қарағандыда есірткі бизнесімен күрес қызметкерлері синтетикалық есірткі дайындайтын зертхана ұйымдастырған үш жасөспірімді ұстады. Олар бұл үшін арнайы пәтер жалдаған. Тінту барысында арнайы құрылғылар мен химиялық реагенттер тәркіленді. Сотқа дейінгі іс қозғалып, тиісті сараптамалар тағайындалды. Ішкі істер министрлігі ата-аналарға бала тәрбиесіне көңіл бөліп, оларды қараусыз қалдырмауға және мінез-құлқын бақылауға кеңес береді», — деді Нұрділдә Ораз әлеуметтік желіде өткен онлайн брифингте. Ресми өкілдің айтуынша, бұған дейін Қарағандыда синтетикалық есірткі өндірісін жолға қойған шетел азаматы ұсталған. Полиция одан 750 грамм синтетика тәркілеген. Айта кетейік, бір аптада Қазақстанда жалпы саны 3424 қылмыс тіркелді. Полицейлердің жедел әрекет етуі нәтижесінде 2198 қылмыс ізі суымай ашылды. Оның ішінде19 адам өлтіру, 38 тонау және 513 ұрлық фактілері әшкере болды.

ҚазАқпарат

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия