jasqazaq.kz

Жасөспірімдер арасындағы төбелес: бір бала пышақ жарақатымен ауруханаға түсті

04 тамыз 2021, 18:04

Ақтөбе облысында жасөспірім 16 жастағы балаға пышақ салды, деп хабарлады Polisia.kz.

3 тамыз күні сағат 01:30-да Ембі қаласы ауруханасының қабылдау бөліміне белгісіз адамдар 16 жастағы кәмелетке толмаған баланы пышақ жарақатымен жеткізді. Полиция қызметкерлері жедел шаралар өткізу барысында 16 жастағы жасөспірімді анықтап, ұстады. Екі кәмелетке толмаған баланың арасында дау-дамай туындап, соның салдарынан біреуі екіншісіне пышақ жарақатын салғаны белгілі болды. Аталған факті негізінде ҚР ҚК-нің 106-бабы 2-бөлігі (Қасақана ауыр зиян келтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Полиция мен білім беру органдары болған оқиғаға себеп болған жағдайларды анықтау мақсатында тексеріс жүргізеді.

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия