jasqazaq.kz

Жасөспірім мүгедек әйелді қорлады (видео)

07 тамыз 2018, 14:49

Алматы облысы ІІД қызметкері аялдамада әйелді қорлап жатқан баланың видеосына қатысты пікірін білдірді.

Tengrinews.kz  хабарлағандай, ведомстводағылар баланы іздестіріп жатқанын хабарлады. «Қазіргі таңда баланы іздестіру шарасы жүріп жатыр. Оған ювенал полициясы, қоғам мен білім беру өкілдері қосылды. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекс бойынша ата-ананың немесе басқа заңды өкілдерінің кәмелет жасына толмаған балаларды тәрбиелеу және үйрету жөніндегі жауапкершілігін орындамағаны үшін жауапқа тартылу қарастырылған», — деп хабарлады Алматы облысы Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінің жетекшісі Сергей Незнева. Алдын ала 7 АЕК мөлшерінде айыппұл қарастырылған, яғни 16 835 теңге. Желіде 6 тамызда баланың шарасыз әйелді кемсітіп тұрғаны түсірілген видео пайда болды. Болжам бойынша, оқиға Қапшағайда болған. Видеоға қарағанда, іс-әрекет аялдамада болған. Бала әйелге жақындап, қолын созып, тебеді. Әйел оған айраны бар бөтелкесін береді. Біраз уақыттан кейін бала қайта келіп, сол берген айранды әйелдің үстіне төгеді. Содан кейін ол қайтадан оралып, үстіне тағы бір сусын құйып, әйелге бөтелке лақтырады.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде