jasqazaq.kz

Жасөспірім қараусыз қалған ғимараттан құлап кетті

11 сәуiр 2022, 17:53

Павлодар облысы Қалқаман ауылында 14 жастағы жасөспірім он метрдей биіктіктен құлап кетті. Оның жағдайы туралы облыстың денсаулық сақтау басқармасы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Зардап шегуші отоларингологиялық бөлімшеге (профиль – жақ-бет хирургиясы) жатқызылды.

Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі:

Науқас «бас миының жабық жарақаты, мидың шайқалуы, ығысумен төменгі жақ сүйегінің сынуы, оң жақтағы параорбитальды гематома» диагнозымен түсті. Сонымен қатар жасөспірімде сол жақ радиустың жабық эпифизиолизі (деструкция — шамамен ред.) бар. Дененің және аяқ-қолдың көгеруі мен сыдырылуы да байқалды.

Дәрігерлер науқасқа бірнеше ота жасатуды жоспарлап отыр.

Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі:

Бүгінде баланың жағдайы орташа ауыр. Ол қажетті ем алады, хирургиялық емдеу бірнеше кезеңде жоспарланады.

Оқиға 9 сәуір күні кешке Қалқаман ауылындағы қараусыз қалған ғимараттың аумағында болған. 2008 жылы туған кәмелетке толмаған бала он метрдей биіктен құлап, бірнеше дене жарақатын алып, ауруханаға жеткізілді.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде