2 ақпан күні Қызылорда қаласында орын алған адам өлтіру дерегі бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 99- бабының 2-бөлігі («Адам өлтіру») бойынша сотқа дейінгі тергеп- тексеру амалдары жүргізілуде.
Мәліметтер бойынша, орын алған оқиға құрбаны кәмелет жасына толмаған азамат екені анықталды. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Оқиғаның мəн-жайлары анықталуда. Күдікті ретінде кəмелетке толмаған тұлға ұсталып, Қызылорда қалалық Полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына оқшауландырылды. Қалған мəліметтер Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабының («Сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректерiн жария етуге жол бермеу») талаптарына сəйкес жария етілмейді.
Дереккөзі: polisia.kz