jasqazaq.kz

Жаслан Мәдиев: Aitu-ға 7 миллионға жуық адам тіркелген, сервисті күніне 350 мыңға дейін адам пайдаланады

Бүгін, 11:28

Үкімет отырысында Премьер-министр Aitu ұлттық мессенджерін дамытуға, оның функционалдық мүмкіндіктерін кеңейтуге және платформаны мемлекеттік органдардың күнделікті жұмысына енгізуге ерекше назар аударды баса назар аударды. Олжас Бектенов бұл жұмысты жандандыру және толыққанды цифрлық модельге көшуді қамтамасыз ету қажеттігін айтты, деп хабарлайды jasqazaq.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Aitu — жай мессенджер емес. Біз ұлттық экожүйе құруымыз керек, белсендірек жұмыс жасаңыздар. Әсіресе мемлекеттік қызметшілер күн сайын Aitu мессенджерін пайдалануы тиіс, қызметтік ақпарат тек осы ұлттық мессенджер арқылы өтуі тиіс», — деп атап өтті Олжас Бектенов.

Премьер-министрдің орынбасары – жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев қазір Aitu -ға 7 миллионға жуық адам тіркелгенін, күніне сервисті 350 мыңға дейін адам пайдаланатынын, Aitu-ды қолданғанда мобильді интернет үшін ақы алынбайтынын баяндады.

Сонымен қатар қазір Aitu платформасында eGov ChatGPT қызметі қолжетімді. Сол арқылы 55 мемлекетік қызметті тікелей Aitu-дан алуға болады. Осы жылдың соңына дейін eGov-тағы сұраныстың 75-80%-ын Aitu-ға қосу жоспарланып отыр.

Жаслан Мәдиевтің айтуынша, мемлекеттік органдар мен «Самұрық-Қазына» компаниялары өз қызметінде Aitu-Workspeas қызметін пайдалануда.

Сурет: Ukimet.kz

Бүгін, 15:55
АЭС - таза энергияның сенімді көзі
Бүгін, 15:31
Басты міндет – төтенше жағдайдың алдын алу
23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды