jasqazaq.kz

Жасанды интеллект көмекші бола ма, әлде өзіне тәуелді ете ме? (Видео)

17 қазан 2025, 20:57

Жасанды интеллектінің күнделікті өмір мен жұмыс барысындағы рөлі артып келеді. Jas Qazaq тілшісі дәл осы тақырыптағы өзекті мәселелерге қатысты сала маманы Данияр Мұқановтан сұрап білді.
Бастапқыда жасанды интеллект көптеген адамдар үшін тек көмекші құрал ретінде көрінгенін атап өтті Данияр Мұқанов.
«Қазір біз жасанды интеллектіге қатты сеніп кеттік. Жұмыс барысында байқалатыны — адамның миына түсетін салмақ азайған соң, оның ойлау қабілетіне әсер етуі мүмкін. Ми белсенділігі төмендеп, біртіндеп деградацияға ұшырайды. Бұл — ұзақ мерзімді тұрғыдан өте маңызды мәселе,”- деді ол.
Маманның пікірінше, бұл өзгеріс адамның кәсіби қабілеттеріне және жұмыс үрдісіне жағымсыз әсер етуі мүмкін.
Сондай-ақ ол жұмыс процесін толық автоматтандыруға асығудың қауіптілігін атап өтті:
«Қазақстанда да жасанды интеллектіге алғашында тек көмек ретінде қарағандар көп. Бірақ уақыт өте келе адамдардың көбі оған тым сеніп кетіп, шешім қабылдау қабілетін әлсірете бастағандай. Бұл, өз кезегінде, мидың белсенділігін төмендетіп, ойлау процесіне кері әсерін тигізеді.
Қазір жасанды интеллект әлі толық дамып болған жоқ. Бірақ бұл технологиялар одан әрі қарқынмен дамып, өміріміздің барлық саласына еніп кетсе, оның қоғамға әсері айтарлықтай болуы мүмкін. Сол себепті бұл үрдісті бақылап отыру және оның салдарын зерттеу қажет,”- деді.
Данияр Мұқанов жасанды интеллектінің барлық жауаптары шынайы емес екенін де ескертті. Кейде жүйе қолданушыны мақұлдайтын, жағымды жауаптарды ғана береді. Сондықтан ақпаратты сыни тұрғыдан әрқашан тексеру қажет.
Жасанды интеллект маманы бақылау, зерттеу және біліктілік мәселесіне ерекше көңіл аударуды ұсынды.
«Жасанды интеллектіні «ақылды ұстаз» немесе «көреген сарапшы» ретінде қабылдайтындар да бар. Бірақ мамандардың айтуынша, бұл қате ұғым. Ол — құрал, тек дұрыс қолдана білсек қана пайда әкеледі.
Сондықтан, менің ойымша, ең бастысы — жасанды интеллект туралы сауаттылықты арттыру. Біз бұл технологияны дұрыс пайдалана білуіміз керек. Үйретеріміз әлі көп», — деді Данияр Мұқанов.

Сұхбаттасқан Олжас Әбдіхалық

07 қыркүйек, 16:47
Мауия Алданазарова: Шымкентте аға буынға белсенді өмір сүруге жаңа мүмкіндіктер жасалуда
02 қыркүйек, 14:04
Мұхит Кемелов: Цифрландыру – әр тұрғынның жайлылығы үшін жасалатын қадам
01 қыркүйек, 14:43
Ілияс Есжанов: Шымкентте «ақылды» электр желілері іске қосылады
27 тамыз, 13:57
Банк депозитінің сыйақысына салық салынбайды
26 тамыз, 14:32
Мемлекет басшысы: Құрылтай сайлауы еліміздің қоғамдық-саяси өміріне үлкен өзгеріс әкелді
26 тамыз, 13:38
Alatau City қаласының инвестициялық пулы 67 жобаға дейін ұлғайды
26 тамыз, 12:18
Алматы облысының Жамбыл ауданы “Мектепке Жол” акциясына ат салысуда.
21 тамыз, 15:34
Шымкент: Есірткіге қарсы ымырасыз күрес
21 тамыз, 15:25
Нүрсұлтан Сүлейменов: Жаңа өндіріс орындары қала экономикасын алға бастырады