jasqazaq.kz

Жас жігіт 81 жастағы әжені ұрып, алтындарын тонап кетті

12 маусым 2020, 12:03

Шығыс Қазақстан облысына қарасты Үлкен Бөкен ауылында жалғызбасты кейуананы ұрып, тонап кетті. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап zakon.kz хабарлады.

81 жастағы қарт әжейдің үйінің кіреберіс есігін бұзып кірген қаскөй одан ақша мен алтын бұйымдар талап етіпті. Ал бағалы ешнәрсе таппаған соң, зейнеткерді соққыға жығып, қарапайым әсемдік бұйымдарын қолды қылған.

Зардап шегуші оқиға туралы полицияға өзі хабарлап, күдіктінің қандай киімде болғанын айтып беріпті. Жедел іздеуге кіріскен тәртіп сақшылары 24 жастағы жергілікті тұрғынды ұстап, уақытша ұстау изоляторына қамауға алды. Анықталғандай, сезікті бұрын егде жастағы әйелге үй шаруасымен көмектескен екен және оның жалғыз тұратынын білген. Сондай-ақ ер адам бұрын ұрлық және бұзақылық жасағаны үшін істі болған.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде